F1™ командасы
ЖАРЫС ТРАССАСЫНДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕКТЕРІНДЕ
Жарқын сезімдерді іздеу жолында біз шетте қалмаймыз. Renault Sport Formula One™ командасымен бірлесіп Team INFINITI инновациялық гибридтік күштік қондырғыларды жасауда. Бізге қазіргі кезде әлемдік кезеңдерді жеңуге көмектесуші технологиялар, ертең Сіздердің рөлдегі сезімдеріңізді түрлендіретін болады.
INFINITI-дің F1™командасымен ынтымақтастығы сапалы жаңа деңгейге өтті – бұдан былай біз Renault Sport Formula One™ Team командасының ресми техникалық серіктесіміз. Гибридтік технологиялар саласындағы көп жылдық тәжірибені және ауқымды білімдерді қолдана отырып, INFINITI энергияны қайта алудың революциялық жүйесін (Energy Recovery System) жасауға қатысты. Осындай әзірлемелердің арқасында, біз үлкен қуатты жақсартылған отындық тиімділікпен үйлестіре отырып, Сіздердің рөлдегі сезімдеріңізді түбегейлі өзгерте аламыз.
Renault Sport Formula One™ Team командасымен біздің ынтымақтастық бұл гран-при, ұпайлар мен секундтар ғана емес. Бұл сонымен бірге INFINITI инженерлері үшін де бірегей мүмкіндік. Жаңа бірдеңені білу мүмкіндігі, жайлылық аймағынан шығу мүмкіншілігі, ықтималдылық шектерін кеңейту және әлдебір жаңаны жасау. Ал INFINITI Engineering Academy жобасының жеңімпаздары үшін бұл INFINITI және Renault Sport Formula One™ командаларында 12 айға дейін созылатын естен кетпес жарысқа бақытты билет болып табылады.
Техникалық ілгерілеу батылдықсыз, табандылықсыз және мақсаттылықсыз мүмкін емес. Бұл біздің 2011 жылдан бастап F1™ бойынша біздің серіктестерімізбен бөлісіп келе жатқанымыз. Серіктестіктің әрбір жаңа кезеңі, әрбір жаңа өнім өнімділікті бұрыштың басына қояды. Команданы – және Сіздерді де – одан да жоғары, тұғырдың жоғарғы сатысына көтереді.
F1™ командасы
Инновациялық тәсілдеме, F1™ командасымен ынтымақтастық және талантты мамандарды тарту бойынша жобалар бізге уақыттан озық, әбден жетілдірілген автомобилдерді жасауға мүмкіндік берді.
Prototype 10 INFINITI-дің жүргізуден рахаттануды, тартымды динамиканы және жүрістің үлкен қорын үйлестіруші электрлі үлгілерді жасау жөніндегі ниетін іске асыруда.
INFINITI жаңа F1™командасымен бірлесіп әзірленген INFINITI Project Black S копцептісімен «зарядталған» автомобилдердің болашақ үлгілік қатарларының әлеуетін зерттейді.
INFINITI сәнді жоғары технологиялық концептілері оны әрбір жаңа көрсетілімінен арттыра отырып, автомобилдік индустрияны әлдеқашан жаңа жетілу деңгейіне жеткізді.
Renault Sport Formula One Team-пен ынтымақтастық біздің автомобильімізді жақсартуға көмектеседі. Олардың өнімділігін келесі ұрпақтың күштік агрегаттарының көмегімен арттыра отырып, біз болашақты анықтаймыз.
Егер сіздер соңғы жаңалықтарды және арнайы ұсыныстарды алғыларыңыз келсе, өтінеміз, тіркелу үлгісін толтырыңыз.