Альфонсо Альбайса дизайнер INFINITI

Альфонсо Альбайса және оның дизайн тобы INFINITI QX55 кроссовер купесі
және INFINITI QX60 жаңа буыны сияқты модельдердің батыл және жаңашыл стилі үшін марапатталды. Newsweek өкілдері Nissan және INFINITI брендтерінің дамып келе жатқан жоғары қарқынын атап өтті.

INFINITI QX55
INFINITI QX55
INFINITI QX60
INFINITI QX60
Альфонсо Альбайса дизайнер INFINITI

 

 

"Newsweek сыйлығы мен үшін үлкен құрмет. Бұл менің және менің командамның көптеген жылдар бойы дұрыс нәрсені істеп келе жатқанын ресми мойындау. Мен осындай керемет талантты әріптестермен 34 жыл жұмыс істегеніме қуаныштымын. Бұл қазірдің өзінде марапат".

 

Альфонсо Альбайса, Nissan корпорациясының жаһандық дизайн жөніндегі Вице-президенті

 


Альфонсо командасының алдында әлі де көптеген қызықты жұмыстар бар. INFINITI-дің "АМБИЦИЯЛАР 2030" Стратегиясы жаңа автомобильдердің тұтас желісін құруды көздейді, оның ішінде электр тартымында да.

Дегенмен, INFINITI-дің жаһандық дизайн жөніндегі вице-президентінің амбициясы тіпті жер шарынан да асып түседі. Жақында Альфонсо Альбайсаның командасы NASA-ның жаңа ай жүрдегін жасауға қатысатыны белгілі болды.