INFINITI: 58 ЖЫЛ ІШІНДЕ КУБАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АМЕРИКАНДЫҚ АВТОКӨЛІК
Нэшвилл, Теннесси – Альфонсо Албаиса (Alfonso Albaisa), INFINITI дизайны бойынша атқарушы директор, 58 жылдың ішінде алғаш рет АҚШ-қа арналып, Кубада тіркелген бірінші жаңа автокөлік болған INFINITI Q60 көлігімен Гаванаға келген. INFINITI атқарушы директоры Майамиде өсіп жеткен азамат, әрі қазіргі уақытта ол брендтің жапондық кеңсесінде қызмет етіп жүр, алайда оның ата-анасы Кубаның тумасы. Альфонсо Албаиса үшін бұл өзінің немерелес атасы Макс Борхес-Ресиомен бірге сол аралға алғаш рет баруға және де ХХ ғасырдың ортасындағы модернизмнің жергілікті сәулет үлгілерін бағалау үшін мүмкіндік туған. Атап айтқанда, Альфонсо Тропиканада, Гавананың Теңіз клубында, сондай-ақ Борхес-Ресионың меншікті үйінде болып қайтты. Өз сапарында Альфонсо дизайнер ретінде өзіне әсер қалдырған нысандарды көріп қайтты. Бүгінде сол әсердің белгілері INFINITI модельдік қатарында өз кейпін тауып отыр.