Karim Habib

Гонконг/Йокогама, 16 наурыз – Карим Хабиб, BMW бұрынғы бас дизайнері, INFINITI бас дизайнері болып тағайындалды. Ол өзінің міндеттеріне 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап кірісетін болады. Хабибтың қызмет тізімінде BMW мен Daimler AG қоса санағанда, бірнеше мықты брендтермен жасаған жұмысы бар. Жаңа шеф-дизайнерді жұмыс орны болатын жапондық Ацуги қаласындағы Nissan техникалық орталығы болмақ, ол сонда отырып, Жапониядағы, Қытайдағы, АҚШ-тағы және Ұлыбританиядағы жобалық командаларды басқарып отыратын болады. Карим Хабиб бертінде ғана тағайындалған NISSAN Motor Corp. дизайн бойынша аға вице-президенті Альфонсо Альбайсаға тікелей бағынатын болады.

 

 Альфонсо Альбайса, NISSAN Motor Corp.дизайн бойынша аға вице-президенті былай деді: "Карим бізге қосылып, INFINITI дизайнерлерінің командасын басқаруға шешім қабылдағаны қуантып отыр. Ол әрқашан да заманауи және шабыттандыратын автокөлік бейнелерін ойлап тауып жүрген жан. Карим өзі еңбектеніп жататын брендтің жанын да, ынтызарлығын да сақтап дәл бере алады, әрі сол уақытта, әр жобаға бірегей серпін бере алады".

 

Карим Хабиб таяуда ғана Мюнхендегі BMW дизайн бөлімін басқарған, сонда ол X1, X2 және CSL Hоmage сияқты концент-карлардың өндірісіне және әзірленуіне жауапты болған. Бұдан бұрын, Daimler-де озық концепт-дизайн бөлімінің басшысы ретінде, сосын ол  Smart жаңа дизайны секілді қазіргі кездегі Mercedes-Benz C-Class дизайнында еңбек етті. Ол өз мансабын BMW перспективалы әзірлемелер бөлімінде бастап, сонда ол алдағы буын BMW 7 сериялы дизайнымен және CS тұжырымдамасына қарай әзірлеумен айналысты.