Infiniti qx50

ЖАПОНДЫҚ ДӘСТҮРЛЕР

Жапонияда тазалыққа деген махаббат балалық шақтан басталады. Көшелердегі мінсіз тәртіп, үйлердегі мінсіз тәртіп, автомобилдердегі мінсіз тәртіп – Күншығыс Елінің тұрғындары үшін осының барлығы қалыпты жағдай болып саналады. Вирусқа қарсы ұсыныстар шарттарында тазалықты сақтау аса маңызды: қолдарды әбден жуудан сіздің автомобиліңіздің гигиенасына дейін. Бұл мүлдем қиын емес, бірақ аса тиімді.

 

Мектептерде сыныптарды және дәліздерді тазалау барлық оқушылар үшін міндетті болады. Жапонияда батыс әлемнің көптеген елдеріне қарағанда, ауыспалы аяқ киімді немесе тәпішкелерді ауыстырып кию қалыптасқан. Жергілікті такси шын мәнінде де әлемдегі ең ұқыпты және тазалық сүйгіш болып саналады. 

СІЗДІҢ АВТОМОБИЛІҢІЗДЕ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ

САЛОНДЫ ӨҢДЕУ

Қазір ең маңыздысы – беттерді өңдеу. Автомобилде жүргізуші мен жолаушылар жиірек қол тигізетін орташа есеппен шамамен 40 мыңдай нүктелер болады. Бұл есіктің тұтқалары ғана емес, рөл, БААҚ селекторы, әйнек көтергіштердің батырмалары мен мультимедиялық жүйені басқару.

 

 

Қауіпсіздік белдіктерінің бекіткіштері, төбелік тұтқалар, бензобактың ойымшасы, әйнек жуғыш сұйықтықпен кіші бак бастиегінің қақпағы, жүксалғыш сөре және басқалары жөнінде ұмытпау керек. Сіздің автомобилдегі жанасатын барлық заттарыңызды мұқият дезинфикациялау қажет.

 

Ол үшін АЖҚС немесе автомобилдік тауарлар дүкендерінде сатылатын арнайы бактерицидті дымқыл майлықтар да, сонымен бірге сабынды ерітіндіде суланған кәдімгі таза шүберек те жарайды. Бұл ретте теріні аса қатты кептіретін құрамында спирт бар антисептиктерді қолдану ұсынылмайды.   

infiniti qx50 interior

СҮЗГІЛЕРДІ АУЫСТЫРУ

Желдету жүйелерінің дефлекторларына ерекше назар аударыңыз. Одан басқа, салонды жұқа тазалау сүзгісін өндіруші арқылы көрсетілген мерзімдерде ауыстырып отыру қажеттігін ұмытпаңыз – әдетте әрбір 10-15 мың километрде.

 

Ескі бітелген сүзгі енді тазалық кепілі емес, шаң мен ластану көзі.

 

Себебі заманауи салондық сүзгілер белсендірілген көмірмен өңделген – олар ластанулардың көрініп тұрған түйірлерін ұстап қана қоймайды, сонымен қатар өлшемі бір микрометрге дейінгі ең кіші канцерогенді бөлшектерді де сіңіреді. Уақыт өте келе белсендірілген көмір өз қасиетін жояды және сүзгі ауыстыруды талап етеді.  

АУА БАПТАҒЫШҚА КҮТІМ ЖАСАУ

Анағұрлым сирек, бірақ дегенмен де назар аударуды ауа баптағыштың өзі де талап етеді. Бірақ мұнда «өздігінен емдеумен» айналыспау керек, дұрысы INFINITI авторландырылған дилеріне жүгіну. INFINITI көптеген үлгілерінің климаттық қондырғылары кіріктірілген ауа ионизаторларымен жабдықталған. Егер климат-бақылаудың атауында Plasmacluster сөзі болса, демек сіздің автомобиліңіз жоғары тиімді салондық ауаны тазалаушы жүйемен толықтырылған. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, Plasmacluster короновирустықты қоса алғанда, көптеген белгілі бактерияларды толықтай өлтіреді.

 

Ұмытпаңыз – ауа ионизаторы тек машинада ауа баптағыш іске қосулы кезде ғана жұмыс істейді (АС батырмасы жанып тұр).    

Біз кез келген вирустан мықтырақпыз және біз жеңіске жетеміз! 

#KeepCalmandbeINFINITI