Гонконг, 13 қаңтар - «INFINITI инженерлік академиясы» жобасының жаңа маусымының басталғаны туралы INFINITI жария етті. Халықаралық автоспорт көрмесінің кезінде INFINITI Motorsport жаһандық директоры Томмасо Вольпе (Tommaso Volpe) мен Renault Sport Формула 1 басқарушы директоры Сирил Абитебул (Cyril Abiteboul) баяндама жасады. Бұл үздік деген жеті студентке бірегей тәжірибе беретін рекрутинг бағдарламасының сәтті болуының міне төртінші жылы саналып келеді. 

INFINITI ACADEMY

«Renault Sport Формула 1 командасымен біздің техникалық серіктестігіміздің арқасында, біз әлемнің әр түкпірінен келген үздік жеті инженерге нағыз бай, көпсалалы тәжірибені ұсына алатын боламыз. Біз академияның дамуына әрі оның түлектеріне қарап, мақтаныш сезінетін боламыз. Біз бүкіл әлем бойынша студенттердің осы бағдарламаға деген фантастикалық қызығушылықтарын аңғарып отырмыз, сондықтан да, әрине, біз төртінші маусымды бастауға өте қуаныштымыз», деді Томмасо Вольпе (Tommaso Volpe). Өздерінің келіп қатысуымен осы бағдарламаның сәттілігін растаған жандар, олар Уильям Прист (William Priest – академияның 2014 жылғы түлегі, қазіргі уақытта INFINITI инженері), Даниэль Шанхам (Daniel Sanham - академияның 2015 жылғы түлегі, ол Renault Sport Формула 1-мен келісімшартқа қол қойған) және Кэйтлин Бунт (Caitlin Bunt - академияның 2016 жылғы түлегі, инженер және бірінші жеңімпаз қыз бала).

INFINITI ACADEMY

«INFINITI инженерлік академиясының» негізгі міндеті - INFINITI автокөліктері мен Renault Sport Формула 1 командасының спорттық болидтерінің арасындағы технологиялармен алмасу. Renault-Nissan одағының мүмкіндіктері 2017 жылдың жеті жеңімпазына баға жетпес тәжірибе беретін болады.