q60
q60s

Кілттерін табыс ету Энстон қаласындағы Whiteways компаниясының техникалық орталығында өткізілді. Бұл оқиға INFINITI мен Формула 1 Renault Sport командасының ынтымақтастығындағы жаңа деңгейді паш етіп отыр. 2016 жылы басталған ынтымақтастық дамуын жалғастырып келеді әрі көптеген жобаларды қамтиды: Формула 1 энергияны рекуперациялау жүйесінің (ERS)  екінші буыны мен «Инженерная академия INFINITI» сәтті жобасын бірлесе отырып әзірлеуден бастап, үлкен спорттан игі технологияларды жеңіл автокөліктер әлеміне тасымалдап беретін бірегей INFINITI Project Black тұжырымын құруға дейін қамтылды.

Сириль Абитбуль өз сөзінде: «Біз INFINITI-мен өзіміздің техникалық ынтымақтастығымыз дамып бара жатқандығына қуанышпен таңырқап келеміз. Мен  өзімнің INFINITI Q60S алғаныма өте қуаныштымын. Мен осы автокөліктің тізгініне отырып көруге жолым болған кезім бар, ол өте мықты көрінеді әрі жақсы жүріс береді. Модель экстраординарлық динамикасымен ерекшеленеді, және де мен оны өзімнің сапарларым үшін жиірек пайдалану мүмкіншілігімді тағатсыздана күтудемін»-деді.