INFINITI QX50 ТҰЖЫРЫМЫ: INFINITI ЖАҢА БУЫНЫНЫҢ ОРТАМӨЛШЕРЛІ КРОССОВЕРІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ
Детройт, 10 қаңтар – Солтүстік американдық халықаралық 2017 автосалонының шеңберінде Детройтта жаңа INFINITI QX50 тұжырымының дүниежүзілік премьерасы болды. Бұл тұжырым орта мөлшерлі кроссоверлердің жаңа буынындағы премиялық автокөлікке деген брендтің жаңа көзқарасын айшықтайды.
INFINITI QX Sport Inspiration тұжырымының эволюциясы бола тұра, жаңа тұжырым осы тұжырымдық дизайнның сериялық өндіріс автокөлігіне тама түрде қайта туындағандығын паш етеді. Жаңашыл INFINITI тұжырымы – брендтің дизайнының сипаттарын белгілеп беретін «сымбатты қуаттылық» философиясының көркемдік сенімді көрініс табуы болып отыр. Жолаушылар салонының сәл алға талпынған контурлары, мығым қашалғандай бейнесі мен тегіс бедерлі көрінісі бар силуэті динамикалы әрі практикалық кроссоверді жасыра алады.
Үдерісті дизайны INFINITI QX50 интерьерінің сапасы мен орындалғандық шеберлігіне қойылатын жаңашыл көзқараспен үйлеседі – осында INFINITI талпынысы айқын көрінеді премиум-классты автокөлікті безендіруге деген әдеттегі көзқарастардан аса алады.
INFINITI QX50 тұжырымы жүргізушіге көмектесе отырып, оны алмастырмастан «екінші пилоттың» ролін иеленіп жүргізушіге көмек берудің жартылай автоматты технологиялары саласында жаңашыл INFINITI әзірлемелерін көрсетуге арналған алаң бола алады. Осындай тұрғыдағы INFINITI барлық болашақ жүйелерінің негізінде жатқан көзқарас, жүргізушіге автокөлікті толық тізгінде ұстауға әрі толыққанды кіріскендік сезімін сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, INFINITI QX50 тұжырымы жүргізушінің мұқтаждықтарына бейімделуге қабілетті өзгермелі қысымдау коэффициенті бар және де жағдайға қарай максималды қуатты немесе үнемділікті қамтамасыз ете алатын жаңашыл VC-Turbo қозғалтқышын ынталы түрде пайдалануға мүмкіндіктер барын көрсете алады.