QX80 Monograph

Сән-салтанат пен сенімділік, кеңшілік пен әмбебаптық INFINITI QX80 танымал моделінің барлық мықты қырларын бір өзінде жинастырған жаңашыл тұжырымды ерекшелендіріп тұрады. Monograph атты үлгіні Жапониядағы Ацуги қаласында орналасқан INFINITI дизайн-бюросының мамандары әзірлеп шығарды. Ол премиялдық кроссовердің дизайнына деген футуристік көзқарасты байқатады әрі INFINITI QX80 визуалдық қырының болашақ эволюциясына арналған бағытты көрсетеді.

«Жаңа INFINITI QX80 – бұл экстерьердің дизайны саласындағы бренд сарапшыларының егжей-тегжейлі зерттеулері. Ол сән-салтанаттың және жолдағы таптырмас стильге деген біздің тұжырымымызды паш етеді. INFINITI QX80 Monograph люкс класындағы кроссоверлер сегментіндегі одан әрі даму үшін бізге бағытты сілтейді»,- деді Роланд Крюгер, INFINITI бұрынғы ғаламдық президенті.

INFINITI QX80 Monograph 2017 жылдың 11 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша 17:30-да алғаш рет халыққа ұсынылатын болады.