«Біз Жапонияның кез келген иесіз қалған бұрыштарында ондаған жыл бойы әуесқой көздерден аулақта жасырын бола алатын жарыс автомобилін ойлап табуды шештік. Біз ойлай бастадық,  ол қалай көрінуі мүмкін? Ол неден жасалуы мүмкін? Ашық доңғалақты сол кездегі автомобилдер шынында да керемет, сыпайы, қалпы пен атқарымдары бойынша нағыз пуристік үлгілер болып табылады».

Пеббл-Бич-гі  дәстүрлі «Сәнділік конкурсының» аясында INFINITI электр күштік қондырғымен жабдықталған, ашық доңғалақтарымен жарыстық  ретро-родстердың тиімді прототипін ұсынды.  Prototype 9 атауын алған жаңа автомобиль, бұл брендтің шексіз мүмкіншіліктерінің жоғары көркем көрінуі болып табылады. Өзінің дизайнымен ретро-родстер бізді өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы жарыс автомобилдері дәуіріне қайта оралтады, бұл ретте оны жасау кезінде автоспорттың өркендеу кезеңіндегі маңызды өндірістік тәсілдер мен технологиялар кең қолданылды. 

Жаңа  ‘Prototype 9’ INFINITI брендінің ДНҚ-на негізі қаланған оқиғалар рухы мен дизайнерлік құштарлықты білдіреді. Өз жолын қарапайым нобаймен бастай отырып, бірегей жоба түрлі бөлімшелер қызметкерлерінің ақылға сыймайтындай берілген және керемет дарынды командасының тырысуларының арқасында шынайылыққа айналды.