INFINITI QX60 ЖӘНЕ QX80 ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕРІ СЫЙЛЫҚАҚЫ ИЕГЕРЛЕРІНЕ АЙНАЛДЫ
9 ақпан, Нэшвилл (Теннесси) - INFINITI екі үлгісі —QX60 және QX80 сыйлықақылы кроссоверлері — автомобилді иелену құнын бес жылдық кезеңге есептейтін (5-Year Cost to Own Awards) Kelley Blue Book қауымдастығының рейтингісінде өз сегменттеріндегі көшбасшыларға айналды.
Kelley Blue Book сарапшылары INFINITI QX60 (Орташа өлшемдік сыйлықақылы жол талғамайтын көліктер» класында) және жаңа INFINITI QX80 (Толық өлшемдік сыйлықақылы жол талғамайтын көліктер» класы) пайдаланудағы жиынтық құны ең кем автомобилдер ретінде атап өтті. Жеңімпаздар нарықтық құнның құлауын, салық төлемдерін,отынның болжамды шығындарын, несиелік бағдарламаның және сақтандырудың қызмет көрсетілу құнын, сонымен қатар жоспарлы техқызметкөрсетуді және ықтимал жөндеуді қоса алғанда бірден бірнеше факторлар бойынша есептелді.
INFINITI QX60
Танымал, көптеген наградаларды иеленген INFINITI QX60 – бұл нарықтағы ең жан-жақты дарынды 7 орындық кроссоверлерінің бірі. Әсерлі, нағыз сыйлықақылы және қолайлы QX60 ішінен де, сыртынан да керемет дизайнның үлгісін білдіреді.
QX60 басқа да қосалқы жүйелері қозғалушы объектілерді анықтау атқарымымен Around View Monitor айнала шолу камерасынан, таңдалған қозғалыс жолағында автомобилді ұстау/ескерту жүйесінен, «көрінбейтін» аймақтарды қадағалау датчиктерінен, барлық жылдамдықты ауқымда әрекет ететін белсенді круиз-бақылаудан, артқы жүріспен қозғалу кезінде объектілерді анықтау жүйесінен, алдын-ала тарту атқарымымен қауіпсіздік белдігінен тұрады. Сонымен бірге сатып алушыларға Predictive Forward Collision Warning ықтимал соқтығысу жөнінде ескерту жүйесі және жаяу жүргіншілерді табу жүйесімен бірге жұмыс істейтін шұғыл тежеу атқарымы ұсынылады.
INFINITI QX80
Брендтің SUV толық өлшемдік люкстік сегментінде қатысуын күшейте отырып, өткен жылдың желтоқсан айында INFINITI «Қуатты әсемдік» (Powerful Elegance) фирмалық дизайнерлік стилінің векторын түбегейлі өзгертуші жаңа QX80 ұсынды.
Жаңа INFINITI QX80 кең салонымен, керемет әрлеу материалдарымен, белсенді қауіпсіздік құралдардың толық арсеналымен және жүргізушінің жүйелер-көмекшілерімен ерекшеленеді. Осылардың барлығы бірлесіп әсерлі жайлы аспасымен және жұмыс көлемі 5,6 л, V8 бензинді моторының арынды қуатымен жүргізушіні рөлде отырғанда жағымды сенімділікпен шабыттандырады, ал барлық жолаушыларға әрбір сапардан ұмытылмас әсерлер сыйлайды.