КӘСІПТІҢ ТАРИХЫ
КИОТО ШЕБЕРЛЕРІ
Олар жаңа әдістер мен техникаларға сүйене отырып, дәстүрлі қолөнерді жетілдіреді. Жапония, Киото шеберлерінің ең шабыттандыратын әңгімелерімен танысыңыз.
БАЙКЕРДЕН БАМБУКТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР ДИЗАЙНЕРІНЕ АЙНАЛУ
4-эпизод
"Мен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қазіргі әлемдегі проблемаларын шеше алатын нәрселер жасағым келеді."
Тацуюки Косуга – Киото
ҚУАТТЫЛЫҚ ПЕН ОРЫНДАЛУ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ҮНДЕСТІГІ
QX55 сымбатты корпусына қарап тұрсаңыз, көлік қазір жарылыс күшімен орнынан жүйтки жөнелетін сияқты байқалады. Және ол, шын мәнінде, катопының астында төрт цилиндрлі көлемі 2,0 литрлік VС-Turbo қозғалтқышы бар. Графит түстес орындықтары мен ағаш әрлемесі оның талғампаздығы мен сұлулығын көрсетеді. Бүгінгі таңда ең тартымды сериялық көлікті өзіңізге таныстырыңыз.
«ВАСИ» ҚАҒАЗЫ
3 ЭПИЗОДЫ
Эрико Хорики, "Васи" қағазын жасау бойынша сарапшы.
“Инновациялар мен дәстүрлер кереғар күштер болып табылмайды. Дәстүр-бұл инновациялық әдістермен жүздеген жылдар бойы жұмыс жасау эволюциясының нәтижесі.”
Эрико Хорики - Киото
ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР ҮНДЕСТІГІ
Оригами сызықтары түріндегі радиатордың дизайн торынан бастап фортепиано пернелері түріндегі фараларға дейін және VС-Turbo 2.0 цилиндрлі қозғалтқышы, INFINITI QX55 - бұл дәстүрлер мен әлемдік инновациялардың үйлесімді үйлесімінің көрінісі.
ТОРУ ЦУДЗИ
2 ЭПИЗОДЫ
Цудзи-сан — "ке-канаами" металл сымдарынан жасалған дәстүрлі өрудің шебері.
“Мен қолөнерімді ұлыма дарытқым келеді. Ал ол үшін инновацияларды енгізуді жалғастыра беру қажет.”
Канаами-Цудзи қаласынан Тору-Цудзи
ТАКАХИРО ЯГИ
1 ЭПИЗОДЫ
Киото Яги шебері-Жапонияның Киото қаласында орналасқан" Kaikado " компаниясының иесі. Оның отбасылық шай рәсіміне арналған ыдыс-аяқ шеберханасы 1875 жылы құрылды және Жапонияда ең алғашқы қалайы шәйнегі - "чазатсу"шығарылды. Бүгінгі таңда Яги-сан өз отбасының 144 жылдық дәстүрін жалғастыруда және өзінің ерекше туындыларын жүзеге асыру үшін "шитатэ" және "митатэ" дизайнерлік әдістерін қолданады.
МИТАТЭ
"Митате" - бұл ең қолайлы материалды іздеу. Шеберлер мен суретшілер дайын өнімнің сипатын жақсарту үшін бір-бірін біріктіретін немесе толықтыратын материалдарды мұқият таңдайды. INFINITI QX50 интерьерінің әрлеуін таңдаған кезде біздің дизайнерлер әртүрлі ағаш, былғары және металл түрлерінің көптеген үлгілерін қарастырды. Олар сән-салтанат әсерін тудыратын мінсіз комбинацияны табуға тырысты.
ШИТАТЭ
"Шитате" өнімді өндіруге деген көзқарасты көрсетеді. Бұл материалдарды біріктіру өнері, таңдалған шикізаттың ең жақсы қасиеттерін ашу өнері. INFINITI QX50 салонының дизайнын әзірлеу кезінде біздің шеберлер автомобильдің дайын интерьерінде пайдаланылатын материалдардың түпнұсқалығын тексеру үшін үйеңкінің табиғи құрылымын сақтап қалды.
«Сіздің жаратылысыңыз қарапайым әрі түсінікті болып қана қоймай, ұзақ уақытқа созылатын жайлылық сезімін тудыруы маңызды... мен INFINITI жасаған кезде дизайнерлердің "митатэ" және "шитатэ" принциптерін мұқият жүзеге асырып, өз жұмысының құндылығын арттырғанын байқауға мүмкіндік алдым.»
Такахиро Яги, Kaikado
дәстүрге деген адалдық
Дизайн QX50
Жапониядан келген мамандар INFINITI QX50-де іске асырған нәзік әрі ойластырылған дизайнерлік шешімдер сізді сән-салтанат пен жайлылық сезімімен қоршайды.