Infiniti QX Sport Inspiration
INFINITI QX SPORT INSPIRATION тұжырымының жаңа нұсқасының еуропалық премьерасы 2016 жылы өткізілген Париж халықаралық автосалонында орын алды. Парижде тұжырым 22-дюймдік жеңілқұймалы алюминий дискілерімен Matt Grey түсінде, жаңадан орындалған қола түстес тежегіш суппорттары сияқты ұсынылған болатын.
ИННОВАЦИЯЛАР
INFINITI QX Sport Inspiration қаншама функционалдық детальдарға ие болып отыр, солар автокөліктің экстерьері мен интерьеріне мінсіз дәлдеп келіп үйлесімді болады. Мысалы, екі жағынан да табалдырықтарының үстіне, автокөліктен шыққанда және отырғанда көмегі тиетін қысқартылған функционалдық сатысы келістірілген. Көрнекі түрде ол кузовтың тереңдігін кемітеді, әрі тұжырымның түр-сипатына едәуір агрессия бере отырып, оның күш түсетін орталығын көтереді. Алдыңғы жақтаулардағы желдетуге арналған үлкен вертикалды саңылаулар алдыңғы тежегіштерді бірмезетте салқындата отырып, тұжырымның кеңдігін байқатады. Ал артқы дөңгелек аркаларында брендтің алдындағы тұжырымдарының қалпын қайталай отырып, дөңгелектердің айналасындағы ауаның құйындауын басады. Артқы диффузор да түтін шығару жүйесіндегі екі келте құбырдың аралығына байқалмастан орнатыла отырып, автокөліктің аэродинамикасын жақсартады.