ДИЗАЙН
ӘР СЫЗЫҒЫНДА ЖАРҚЫН ЭМОЦИЯЛАР
Біздің фирмалық философия, INFINITI бүкіл дизайнының ертеңгі күні секілді, жаңа INFINITI Q60 көркем қалыптарында бейне тауып отыр. Бұл жерде эмоцияларда шек болмайды. Былайша айтқанда, дизайнның өзінің батылдығы деуге болады.
АТЛЕТИКАЛЫҚ ТЕКТІЛІК
Эффектілі жеңілқұймалы 20-дюймдік дөңгелектер сіздің амбицияларыңыз жайлы айналадағыларға бірден хабар беріп тұрады. Мұнда алдынан және артынан қызыл суппорттары бар спорттық тежеулерді қоссаңыз және визуалдық қуатты шабыт шектен тыс айқын бола бастайды: жаңашыл INFINITI Q60 бұл тек қана жылдамдық пен қуат емес. INFINITI Q60 дегеніміз, дизайн мен драйвтың мінсіз үйлесімі болып табылады. Жүксалғыштың қақпағына интеграцияланған артқы спойлер, түтін құбырларының хромдалған әрлемесі, кузовтың түсімен түстес мінсіз боялған спорттық алдыңғы бампер – тамаша драйвқа арналған мінсіз дизайн.
АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ
Ол көзқарастарды тартады. Алайда ол жел үшін тіптен байқалмас болып келеді: алдыңғы кедергінің коэффициенті 0,29 алдынан және артынан нөлдік көтергіш күшті іс жүзінде кеміту үшін INFINITI инженерлері қаншалықты күш-жігерлерін жұмсағандығын паш етеді. Бұған белсенді аэродинамиканың элементтерін қосыңыз – мысалы, кедергі кем болғанда жабық болып, ал енді қозғалтқышқа қосымша салқындату керек болғанда, ашыла түсетін радиатордың жақтаушасын қосыңыз, сонда жаңашыл INFINITI Q60 өз классындағы ең ойластырылған автомобильдерді бірі екендігі айтпаса да көрініп тұрады.
ДРАМАЛЫҚ ҚАЛЫПТАР
Үшөлшемдік қысымдаудың революциялық прогрессін пайдалана отырып, жасалған сызықтар мен аркалар таңдандыра түседі. Агрессия, көркемділік пен эмоциялар жаңашыл INFINITI Q60, яғни қазіргі заманғы автомобиль жасау ісінің нағыз шедеврінде мінсіз түрде сабақтасқан. Қалыптардың мінсіз икемділігін қамтамасыз ету үшін, дизайнерлер мен инженерлер есіктің алдыңғы жақтаулары алдыңғы қалқанға жасырынатындай есеппен, есіктің тоспаларын қайта басқаша ойластырып жасап шығарды. Үлкен дизайнда әрбір детальдің мағынасы болады. Ал INFINITI дизайнында әрбір деталь мінсіз келістірілген.
ИНТЕРЬЕР
ТАП СІЗГЕ АРНАП ТУЫНДАҒАН ШЕДЕВР
Кез келген дене бітімі мен бойды есепке ала отырып, жүргізушіге және жолаушыларға мінсіз дәл келетіндей әзірленген жаңа INFINITI Q60 салоны батыл идеялармен және мінсіз материалдармен әрленімдерін қолпаштай түседі.
СПОРТТЫҚ ДИЗАЙНЫ
Рөлде отырғанда спорттық эмоциялардың барлық сезімдерін сезініңіз. Zero Gravity жобасының технологиясы мен тәжірибелерін сіңірген мінсіз креслолар, қайталанбас стильдің және NASA мамандарымен бірлесе орындалған зерттеулерді үйлестіреді. Креслолардың рельефтік валиктері оңтайлы аймақтарда жылуды тиімді түрде ұстап тұрады, ал интеграцияланған спорттық бастіреуіштер жайлы әрі қауіпсіз жүрістерге арналған дұрыс сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
ПІШІНІ ЖӘНЕ ӘРЛЕМЕСІ
Шынайы өнерлі жұмыстың үлгісі – былғарыны лазермен перфорациялау, тігістерді анағұрлым тығыз етеді, ал әрлеменің қалыптары бос та динамикалы етеді. Орталық консоль мен бүйірлемелерді қара немесе күмістей карбонмен әрлендіру интерьерге заманауи әрі салтанатты түр береді. Бұл ретте спорттық табиғи былғарымен мінсіз қапталған орындықтар технологиялық тұрғыдан еш жол бермейді: 8 бағытта реттеледі, жылыуы мен баптаулардың жады жүйесі.
НАҒЫЗ КУПЕ
Ерекше орындықтары мен ойластырылған салон кузовтың дәлдестірілген пропорцияларымен жиектелген: ұзартылған капот, төбесінің төмендетілген сызығы, ұзартылған есіктер мен төмен отырғызу. Осының барлығын артынан да алдынан да әртүрлі кеңдіктегі 20 дюймдік жеңілқұймалы дискілер толықтырып тұрады. Купенің мінсіз қалпы жетілдірілген технологиялық шешімдермен толыққан – INFINITI Q60 баурап алуға жаралған. Бірден мәңгілікке баурап алу.