СЕЗІМДЕРДІ ҚОЗДЫРАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
INFINITI жаңашыл технологиялары сезімдерді қоздырып, эмоцияларды еселеп арттыра түсуге шақтап туындаған. Баршаның қызығушылығын оятатын және де жауап реакциясын бере алатын эффектілік дизайн. Жүрек лүпілін жиілете түсіп, барлық сезім мүшелеріне қуат беретін шектік динамика. Ең бастысы – біздің озық технологиялар мен жүйелеріміз автомобильдің бағынбас қуатын саусақтардың ұшымен ғана бақылауда ұстап отыруға мүмкіншілік береді.
ЖҮРГІЗУШІГЕ ЖӘРДЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
МҮМКІНДІКТІҢ ҰЛАНҒАЙЫР ШЕКАРАЛАРЫ
Жүргізудің жоғарытехнологиялы ассистенттері INFINITI Q60 басқарудың процессін сапасы жағынан жаңа деңгейге шығара алады: кез келген жылдамдықтағы жайлылық пен қауіпсіздік, құмарлана басқару, барлық бағыттағы мінсіз шолушылық, және әрине, көнігетін рөлдік басқару.
ЗИЯТКЕРЛІК КРУИЗ-БАҚЫЛАУ (ICC)
Алдыңызда келе жатқан автомобильдің араңыздағы қашықтықты және өзіңіз қалаған жылдамдықты көрсетіп жазыңыз, қалғанының барлығын да кіріктірілген ара-қашықтықты бақылаушы (Distance Control Assist) зияткерлік круиз-бақылау (Intelligent Cruise Control) өзі-ақ реттеп беріп отыратын болады. ICC тығыз трафик болғанда, толық тоқтауына дейін жеткізе алатындай баяу әрі тиімді тежеле алады, ал енді ағынның қарқыны қалпына келгенде жүйе қозғалыстың қалаулы жылдамдығына оралта алады.
ЖОЛДЫҢ ЖОЛАҒЫН БЕЛСЕНДІ БАҚЫЛАУ (ALC)
Direct Adaptive Steering® рөлдік басқарудың мүмкіншіліктерін қолдана отырып, жолақты белсенді бақылаушы жүйе (Active Lane Control) қозғалыстың бағытын алдын ала бағалап отырады, және қажеттігі болғанда, егер, мысалы, сіздің INFINITI Q60 жолдың тегіссіздігінен немесе бүйірден соққан қатты желдің арқасында таңдалған жолақтан ығысып кете бастағанда, автоматты түрде ұқыптап отырып импульстармен траекториясын түзеп беріп отырады.
БАСТЫ ЖАРЫҚТАУДЫҢ БЕЙІМДЕЛГІШ ЖҮЙЕСІ
Басты жарықтаудың бейімделгіш жүйесі (AFS) рөлдің қозғалысын тани отырып, тиісінше жарық ағындарын бағыттай отырып, бұрылыстардың көрінушілігін және жарықтандыруын жақсарта түспек. AFS пен жарықдиодты шамдар алдындағыны ғана емес, сонымен қатар айналаңдағыны байқап отыруға мінсіз дәл көруге мүмкіншілік береді.
АЙНАЛАНЫ ШОЛУ МОНИТОРЫ (AVM)
Әлемге басқаша көзқараспен қараңыз! Айналаны шолу жүйесі (Around View® Monitor) мен қозғалыстағы объектілер датчигі (Moving Object Detection) сізге жаңадан мүмкіншіліктер ашады. Үстінен орнатылған 360 градус виртуалдық шолушы төрт камера, кедергілерді алдын ала байқап қалуға мүмкіндік береді және де тіпті қысылған жағдайлардың өзінде маневрлеуді жеңілдете түседі.
ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ
БІЛГЕННІҢ ШЕКАРАСЫН ҰЛҒАЙТА ТҮСУ
INFINITI белсенді және белсенсіз қауіпсіздік жүйелерінің бірегей комбинациясы жүргізушінің өзіндік инстинкті мен реакциясын толықтыра түседі.
ҚОСЫЛУДЫҢ ШЕКСІЗ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
БАР ӘЛЕММЕН БАЙЛАНЫСТА
INFINITI InTouch мүмкіншіліктері әдеттегі әлемді жақсы жағына қарай өзгерте түседі.
INFINITI INTOUCH
Сіздің өміріңіз – үнемі қозғалысты білдіреді. INFINITI InTouch Services функционалдық мүмкіншіліктері мен навигациялық жүйесі бар INFINITI InTouch сіздің әлеміңіз бен сіздің мүдделеріңізді өзіңіздің дербес автомобильіңізге байыппен аудара береді. Үнемі оқиғалардың алғы шебінде болыңыз әрі өзіңіздің телефоныңызбен, хабарларыңызбен, күнтізбеңізбен, навигациямен және әуенмен байланыста боласыздар.
ДЫБЫС
ДЫБЫСЫН BOSE® СЫЙЛАҒАН КОНЦЕРТ ЗАЛЫ
Advanced Staging технологиялы Bose ® Performance Series жаңа аудиожүйе қуатты, батыл әрі таза дыбысталуды ұнататындар үшін арнайы жасалған. 255 мм және 150х230 мм мөлшерлі орташа жиілікті жоғары өнімді болатын он үш динамик, сондай-ақ "жағымды орындалуы" тамаша дәлдігін қамтамасыз ете алатын жібекті күмбезі бар жеңілдетілген твитер – мұны естуге міндеттісіз! Орындаушылар жалған айтпайтын, ал барлық аспаптар үнемі мінсіз бапталған кең әрі дәлдік сахналық дыбыстардан ләззат алыңыз!