АҚШ, 2017. INFINITI Q60 RED SPORT 400 алдын-ала нұсқасы. Серия
Қазақстан нарығына арналған нұсқасы әртүрлі болуы мүмкін.
ТЕЗ, ТЕЗІРЕК, МАКСИМАЛДЫ ЖЫЛДАМ
INFINITI озық технологиялары драйверлік әсерлердің жаңа көкжиектерін аша береді. Қосарлы турбоүлегіші бар алғашқы INFINITI қозғалтқышы – спорткупенің фантастикалық динамикасының кульминациялық көрінісі.
СПОРТТЫҚ БАСҚАРУШЫЛЫҚ
Кедергілерге қарамастан, мақсаттарға бағыт алыңыз. Ыңғайлы сәтті күтпестен, қазіргі кезде әрекет етіңіз. Топтан биігірек болыңыз да, өзіңіздің бар талабыңызды іске асырыңыз!
ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
ЖАҢАШЫЛ 3,0-ЛИТРЛІ ҚОСАРЛАНҒАН ТУРБОҮРЛЕМЕСІ БАР V6 (405 А.К.)
Жаңашыл V6 твинтурболы тартымдылық қар көшкініндей үдейді, жеделдетуі алға итермелей береді, ал қуаты шексіз болып көрінеді. Отынның тікелей шашыратылуы, үрлеме ауаның сұйықтық салқындатқышы, нығыдағыштың айналымдар датчигі мен турбинадағы қалақшалардың прогрессивті конструкциясы отын берілуіне қозғалтқыштың жауапты әсерін жай түскендей үдете береді, сондай-ақ қуаттылыққа қол жеткізудің шыңын анағұрлым жоғары айналымдар аймағына қарай шегере береді.