НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
INFINITI Q50 қуаты мен зияткерлік технологиялары Сіздің жүргізушілік шеберлігіңіз.
INFINITI INTELLIGENT KEY
Intelligent Key жүйесінің арқасында cіз кілтіңізді алып жатпастан, есіктер мен жүксалғышты ашып, жаба аласыз. Сонымен қатар, жүйе cізге қозғалтқышты арнаулы батырманы басу арқылы іске қосуға мүмкіндік береді, содан кейін жүйенің жадында сақталып қалғандай қалыптарда орындықты, рөлдік құрылғыны және айналарды орнатып береді.
АЙҚЫН КӨЗҚАРАС
Бір рет қарасаңыз жеткілікті, сонда cіз оларды ештеңемен де шатастырмайтын боласыз. Жарықдиодты алдыңғы шамдардың көркем иілген тұстары артқы шамдардың дизайнында қайталанады. Қосулы тұрғанда немесе өшірулі тұрғанда да олар біркелкі эффектілі көрінеді.
СІЗДІҢ ӘДЕТТЕРІҢІЗ ЕСІНДЕ ҚАЛАДЫ
Арнайы жүйе жүргізуші орнының баптауларындағы екі профильді есте сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ол әрбір жүргізушіні оның кілтінен таниды да, оның өзіне ұнамды қалыпқа орындығын, рөлдік құрылғысын және айналарын автоматты түрде келтіріп береді. Осылайша, екі жүргізушінің екеуі де өздеріне ұнамды жайлылықпен отырып орныға алады.