ЖАҢАШЫЛ БИТУРБОЛАНҒАН V6 ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ
Айналу кезі мен отын жұмсалымының оңтайлы қуаттылық теңгерімі INFINITI инженерлерінің аса жаңашыл әзірлемесін ерекшелеп тұрады – жаңа буын VR 3,0 л көлемі бар битурболанған V6. 405 а.к.бар қуатты нұсқа (6405 айн/мин жеткенде) 1600 бастап 5200 айн/мин дейінгі диапазонда максималды 475 Н-м айналу кезіне жеткізе үдетеді. Асқан қуатына қарамастан, отын жұмсалымы қозғалтқыштардың бұрынғы буынымен салыстырып қарағанда, 6,7% кемітілген – жаңа INFINITI қуатты агрегаты бірқатар жаңашыл технологиялық әзірлемелердің арқасында 405 а.к.бар қуатты деген қозғалтқыштардың арасында үнемділік пен қуаттылықтың үздік сәйкестілігін паш етеді.
Битурболанған жаңа жүйенің артықшылығы ретінде болатын - отынның едәуір аз жұмсалымымен үйлесімде қуатты байыппен әрі мезеттік берілуі.
Турбинаның айналу жылдамдығының жаңа датчигі, сондай-ақ қалақтарының жаңа дизайны оның жұмысының тиімділігін, сондай-ақ қозғалтқыштың дереу жылдамдық беру әрекетін арттыра түседі. Жылдамдық датчигі турбоайдағышқа 220,000 айн/мин дейін үдеу алуға мүмкіндік туғыза отырып, айналудың жылдамдығын 10 пайызға көбейтеді. Соншалықты жұмысының зор диапазонының арқасында қосарланған турбина қозғалтқыштың айналу кезі мен қуаттылық деңгейін арттыра түседі.
Газ үлестірілімінің инновациялық басқару жүйесі (Advanced timing control) жүргізушінің әрекеттеріне автокөліктің жедел көнуіне мүмкіндік бере отырып, қозғалтқыштың әрекет ету жылдамдығын жоғарылатады. Жүйе кез келген жүргізу стилінде отынның жұмсалу деңгейін кеміте отырып, қозғалтқыштың анағұрлым тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік бере отырып, жану камерасындағы ауа мен отынның сәйкес келуін дәлме-дәл реттелуін қамтамасыз ететін болады.
INFINITI қозғалтқыштарында алғаш ұсынылған газ үлестірілімінің инновациялық басқару жүйесі (DIG), қозғалтқыштың дроссельдік қалқаны мен айналыстарының позицияларына қарай жану камерасына отынның себілуін дәлдеп бақылап отырады.