НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жолдың қожайыны болу немесе одан қашқақтау. INFINITI Q30 немесе INFINITI QX30, қозғалыс еркінідігінің идеясын іске асырып, сізді қалалық трафик жағдайында да, қаланың сыртындағы жырақтарда да оңай жүріп-тұруға шабыттандырады.
ТОЛЫҚ ПРИВОДТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЖҮЙЕСІ
Толық приводтың зияткерлік жүйесі қажет болғанда 0-ден 50 % дейінгі айналу кезін артқы білікке бағыттай отырып, жолмен оңтайлы жанасу үшін керекті баптауларын автоматты түрде таңдап отырады. Өзінің шамалы салмағы болса да жүйе сізге тиімділікке залал келтірместен қосымша бақылау береді.
МІНСІЗ БАЛАНС
Жайлылық пен спорттылықтың арасында оңтайлы балансты сақтап қалу үшін, инженерлер амортизаторлардың баптауларына ерекше назар аударды. Олар тегіс емес жолдарда жүрген кезде дірілді азайтып, сөйте тұра тамаша басқаруды сақтай отырып, автокөлікке баппен жүруді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Инженерлер сонымен бірге, абсолюттік жайлылыққа қол жеткізу үшін аспада келетін шуылдың деңгейін азайтты.
ӘСЕРЛІ ҮДЕУ
Ұмытылмастай сезімді үдеуден сезін. Қозғалтқыштың параметрлерінің дәл бастауы айналулардың кең диапазонында айналу кезін үдетуге мүмкіндік береді.
ОҢАЙЛЫҚПЕН АУЫСТЫРУ
Рөлдің астындағы магний желектері берілістерді саусақтардың жеңіл қозғалысымен ғана ауыстыруға мүмкіншілік береді. Егер де сіз рөлге тиместен, қолдың көмегінсіз-ақ берілістерді ауыстыратын болсаңыз, қосарланған ілінісі бар трансмиссия жеделден де тезірек әрекет етеді.
ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛАҒЫНЫҢ БЕДЕРІНЕН АЙНЫП КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕТІН ЖҮЙЕ
Жолдағы жолақтарды қадағалап келе жатып, LDW жүйесі жолдың шетіне бақыланбастан шығып кетуіне жол берместен таңдалған жолдың бедерін ұстанып отыруға жүргізушіге көмектесіп отырады. Егер де автокөлік жолақтың шетінен шығып бара жатқан болса, онда жүйе дисплейде хабарлама көрсетіп, дыбыстық дабыл бере отырып ескертеді.
ДИНАМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Динамикалық тұрақтандыру жүйесі жүргізушінің өз сақтаған бұрылыс траекториясының шегінде ұстап отыруға мүмкіндік береді. Рөлдік шеңбердің жеткіліксіз немесе артық бұрылысы кезінде, жүйе бұрылыстың межелі траекториясының шегінен автокөліктің шығып кетуін болдырмастан, қозғалтқыштың қуаты мен жекелеген дөңгелектерінің тежелуін өзі реттеп беретін болады.
ЕКІ ІЛІНІСТІ ТРАНСМИССИЯ
Берілісті ауыстыру кезіндегі іркілістер енді артта қалды. Біреуі тақ іліністерді, ал екіншісі - жұп іліністерге қызмет көрсете отыратындай екі іліністі трансмиссия, жайлы жүруді қамтамасыз етіп, берілісті ауыстырудың сәтінде қуат сезімін білдіртеді.
ЗИЯТКЕРЛІК КРУИЗ-БАҚЫЛАУ
Алдағы келе жатқан автокөлікке дейінгі ара-қашықтықты және де керекті жылдамдықты таңдаңыз, сонда зияткерлік круиз-бақылау егер де алдындағы автокөліктердің жылдамдықтары бәсеңдегенде, тіпті тоқтауға дейін барғанда, автоматты түрде жылдамдықты ақырындата қояды. Ал жол ашық болғанда автокөліктің өзі-ақ алдында таңдалған жылдамдыққа жете үдеп береді.
ҚАУІПСІЗДІК
Жол жүргенде кез келген жағдайға дайын болыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ЖАРАТЫЛҒАН
Кузовтың қатқылдық қабырғаларымен күшейтілген каркасы салонның бүтіндігін сақтап қалуға көмектеседі, ал кузовтағы алдыңғы және артқы жиырылатын аймақтары соққыны өзіне қабылдап жұтады да, оның қуатын тең үлестіріп жібереді.
БЕЛГІЛЕРДІ КӨРУ
Жылдамдықты шектеу белгілерін танып-білу үшін жүйе камераны қолданады. Шектеу туралы ескерту автоматты түрде құралдар панелінде пайда болады. Енді сіз ескертілдіңіз, әрі жағдайды толықтай бақылауда ұстап отырасыз.
ПАРКОВКАЛАУ
Мінсізделген басқарушылық пен инновациялық технологиялар автокөлікке парковкалау кезінде тамаша маневрлікті қамтамасыз етеді.
ҚОЗҒАЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОБЪЕКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ
Автокөліктің периметрі бойынша орнатылған төрт камера, үстінен панорамалық көрінісін көрсетіп қана қоймай, автоматикалық қадағалау режимінде болады. Дыбыстық сигнал автокөліктің маңында қозғалатын немесе қозғалыссыз тұрған объект табылған жағдайда, жүргізушіні хабардар етеді, бұл ретте тиісті камера дисплейде кедергінің қай жағынан келгендігін көрсетіп тұрады.
Q30 Model Shown
КЕРЕМЕТ ШОЛУ
Қозғалыстағы объектілерді тану (Moving Object Detection) функциясы бар Around View Monitor жүйесі, алдыңғы және артқы парковкалау датчиктері, 4 камерасы мен үстіңгі нүктеде орналасқан 360° көрсететін виртуалдық шолу технологиясы cізге тіпті шектеулі кеңістікте парковкалау кезінде барынша сенімділік бере алады.