INFINITI Concepts Q

INFINITI автомобилдерінің доңғалақтары EV-күштік қондырғысымен әрбір өске бір-бірден -  электромоторлар жұбының арқасында ғана қозғалысқа келтіріледі. Оларды энергиямен VC-Turbo технологиясымен (өзгертілуші сығылу дәрежесі) 1,5-литрлік ІЖҚ-мен тұрақты зарядталатын шағын жоғары разрядтық аккумуляторлық блок қамтамасыз етеді.  

Қорытынды нәтиже – электрлі мотор мен іштен жанатын қозғалтқыштың арасындағы ең үздік сапаларды үйлестіруші күштік агрегат. 

«Үш он жылдықтың ішінде INFINITI-де алдыңғы қатарлы қозғалтқыштарды жасаушының беделі қалыптасты және нығайды, Біздің жаңа электрлендірілген күштік қондырғымыз (EV) – бұл әлемнің барлық автомобилдері 100%-ға экологиялық тазаға айналатын болашаққа кезекті қадам. Бұл ретте INFINITI үлгілері бұрынғыдай жүргізушіні тартымды динамикасымен және басқарушылықпен қуантатын болады, ал e-AWD толық жетекті трансмиссиясы кез келген жолдарда, кез келген ауа-райы шарттарында сенімділіктің қосымша зарядына кепіл болады».            

Эрик Риго, INFINITI Motor Company өнімдер және жоспарлау жөніндегі бас менеджері

ТОЛЫҚ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ ЖОЛЫНДА: БІР ПЛАТФОРМА, ЕКІ КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫЛАР

INFINITI барлық электрлендірілген үлгілерінің өзіндік ерекшелігі автомобилдің алдыңғы және артқы өстерінде орналасқан екі электрлі мотор болып табылады. Электрмобилде екі қозғалтқыштың арасындағы кеңістікті жоғары сыйымды күштік аккумуляторлық батарея алады. Будандық үлгілерде мұнда ықшамырақ аккумуляторлық блок, сонымен бірге жанармай багы және газ шығарушы жүйе орналасады. Генератордың қызметтерін орындаушы қосалқы 1,5 – литрлік VC-Turbo моторы бұл ретте дәстүрлі түрде автомобилдің алдыңғы бөлігіне орналасқан.

Біріздендірудің жоғары деңгейі жаңа платформаның елеулі басымдығына айналды, мәселен, өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін электрлі моторларды асу және бекіту элементтерін қоса алғанда. Жаңа платформа сонымен бірге автомобилдің параметрлерін өткізудің өзіндік нарықтарына теңшеу процесін жеңілдетеді.  

INFINITI Q Inspiration

«Екі күштік қондырғылар, бір платформа» перспективалық тұжырымдамасы күштік агрегаттың кез келген түріне мізсіз бейімделген және біріздендірудің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірыңғай сәулетті құруды қарастырады.

«Жаңа платформа бізге өте жақсы динамикамен, жайлылықтың жақсартылған деңгейімен және кеңірек салонымен автомобилдерді жасауға мүмкіндік береді. Күштік қондырғылардың екі түрлі типтерімен автомобилдердің арасындағы біріздендірудің жоғары дәрежесі – бұл сатып алушыларға оларға оңтайлылырақ болып көрінген күштік агрегаттың түрін ұсынудың қосымша мүмкіншілігі». 

Эрик Риго, INFINITI Motor Company өнімдер және жоспарлау жөніндегі бас менеджері

БЕНЗИНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУШІ ЭЛЕКТРОКАРЛАР: БҰЛ ҚАЛАЙ ЖӨНГЕ САЛЫНҒАН

Тізбекті будан технологиясы (EV) бірден INFINITI-дің бірнеше үлгілерінің жүрегіне айналады. Бұрын айтылғандай, доңғалақтар электрлі моторлармен ғана қозғалысқа келтіріледі. Электрлі моторлар еденде орналасқан үлгіге байланысты сыйымдылығы 3,5-тен 5,1 кВтс дейінгі күштік аккумуляторлар блогынан қуат алады.   

Драйверлік сезімдер бойынша, тізбекті будан сызбасы бойынша жасалған INFINITI 100-пайыздық электрокардан ештеңемен ерекшеленбейді. Ерекше динамика, акселераторға басулар кезінде кідірістердің жоқтығы, жетекші доңғалақтарға қуатты біркелкі беру рөлдегі адамды енжар қалдырмайды. 

Әсіресе бірінші секундтан-ақ қолжетімді болатын максималды айналу сәтін және үлгіге байланысты 248 а.к. бастап 429 а.к. дейінгі ауқымдағы әсерлі қуатын атап өту керек. Орнынан қозғалу кезінде 100 км/с дейін жылдамдықтағы INFINITI-дің ең қуатты нұсқасы жақын болашақта бар болғаны 4,5 секундта ғана қарқындайтын болады. Одан басқа, ІЖҚ бар автомобилдерге тән берілістерді ауыстыру кезінде соққылар мен жұлқулардың толықтай жоқтығы жайлылық деңгейін елеулі арттырады.     

Күшті аккумуляторлық батарея жаңа INFINITI MR15DDT қозғалтқышымен тұрақты зарядталады. Үш цилиндрлік 1,5-литрлік агрегат сығылу деңгейін өзгертуші VC-Turbo технологиясын қолданады. Күштік қондырғы сызбасында қосалқы ІЖҚ қолдану иесіне акуумуляторларды зарядтауға ұзақ сағаттарды жоғалтуға тура келмейтіндігін білдіреді. Шынында, автомобилдің құрылымында зарядтаушы жалғағыштың өзі қарастырылмаған. Сапарды жалғастыру үшін барлық қажет болатыны – VC-Turbo қозғалтқышы үшін шағын жанармай багына бензинді құю.      

INFINITI QX Inspiration

Әсерлі динамикасына қарамастан, INFINITI тізбекті буданының шығуындағы зиянды заттардың мөлшері ұқсас қуаттылықтағы бәсекелес үлгілерге қарағанда айтарлықтай төменірек болады.

ШУСЫЗ ҚУАТ

EV күштік қондырғыларымен жабдықталған INFINITI автомобилдері бәрінен бұрын 100-пайыздық электрокарларға сипатты мүлдем шусыз және дірілдерсіз қозғалыспен қамтамасыз ететін революциялық шешімдермен мақтана алады.

Олардың ішінде солардың арқасында шу мен қозғалтқыштың дірілдері кез келген жылдамдықта ерекшеленбейтін әлемдегі алғашқы MR15DDT генераторының тәуелсіз сұйықтықты тіректері. Одан басқа, ІЖҚ мен қос электрлі моторлар жүргізушіні және жолаушыларды қажетсіз шулардан құтқару үшін қосымша экрандалған.  

MR15DDT VC-Turbo қозғалтқышы өзімен-өзі дәстүрлі ІЖҚ салыстырғанда айтарлықтай кемірек шу шығарады. Бұған бұлғақтардың максималды тік орналасуының арқасында қол жеткізу мүмкін болды. Мұндай шешім әбден мінсіз қайтымды ілгерілеме қозғалыспен қамтамасыз етеді және цилиндрлердің қатарлық орналасуымен моторларға үйреншікті қосымша теңестіргіш біліктерді қолданбауға мүмкіндік береді.   

Бұлардан басқа, жаңа INFINTI салондарына мотордан және жол төсемінен төмен жиілікті шуларды тиімді сүзгілеуші Active Noise Cancellation белсенді шу басушы жүйесі орнатылады. Салондағы тыныштықты қамтамасыз етуші басқа жүйелерден арнайы таңдалған шинаны және аспаны теңшеулерді, акустикалық әйнектеуді және күшейтілген пассивтік шудан оқшаулағышты атап өту қажет. Соның нәтижесінде жүргізуші мен жолаушылар жұмыс істеп тұрған ІЖҚ барлық жылдамдықтық ауқымда дыбысын естімейді.