• Негізгі мазмұнға өту
    • Рус.
  • ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ
  • БАРЛЫҚ СЕРВИСТЕР
    • Бізге хабарласыңыз
    • Дилерді іздеу
    • БРОШЮРАНЫ ЖҮКТЕП АЛУ

БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

  • МОДЕЛЬДЕР
    • Кроссоверы және внедорожники
  • Иелеріне
    • Жол көмегі
    • КЕПІЛДІК
    • ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ
  • БРЕНД ЖАЙЛЫ
    • ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР
    • БОЛАШАҚТАҒЫ МОДЕЛЬДЕР
    • КӨБІРЕК БІЛУ
    • ТЕХНОЛОГИЯЛАР
  • ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ
  • БАРЛЫҚ СЕРВИСТЕР
    • Бізге хабарласыңыз
    • Дилерді іздеу
    • БРОШЮРАНЫ ЖҮКТЕП АЛУ
    • Рус.
Back
QX50 QX55 QX80 БОЛАШАҚ МОДЕЛІ. INFINITI QX60
МОДЕЛЬДЕР
  • БРЕНД ЖАЙЛЫ
  • Наша история
  • ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР
  • БОЛАШАҚТАҒЫ МОДЕЛЬДЕР
  • Технологиялары
  • БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ
  • INFINITI-ге 30 жыл
    БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

    БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

    30 жылдан аса уақыт бұрын біз күштің, динамика мен әсемдіктің мінсіз теңгерімін білдіретін премиум-кластағы жаңа автомобилдік брендті жасауға шешім қабылдадық.

    • АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР
    • ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СТАНДАРТТАР
    • АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
    • ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРДІ АША ОТЫРЫП
    30 жыл алға жылжу INFINITI

    30 ЖЫЛ АЛҒА ҚОЗҒАЛЫС

    30 жыл бұрын INFINITI логотипі Q45 басталды және қазіргі күнге дейін бренд автомобилдік тарихты индустрияның жалпы дамуына әсер еткен жаңа технологиялармен, әсерлі дизайнмен және инновациялармен байытуда. Қазір компания электрлендіру дәуірімен тығыз байланысты ертеңгі күнге - жақын болашаққа деген өзіндік түсінігін ұсынуда.  

    КӨБІРЕК БІЛУ

    АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР

    INFINITI_HISTORY_1985

    ЖАҢА БӨЛІМШЕНІҢ АШЫЛУЫ

    1985: БРЕНДТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

    Nissan компаниясының ішінде біртіндеп арнайы бөлімше қалыптасты. Негізгі мақсат –олардан клиентке бағытталған дизайнымен ерекшелене отырып, кең таралған американдық және еуропалық люкстік автомобилдік брендтерден қалыспайтын премиум-кластағы жоғары технологиялық автомобилдердің жаңа брендісін жасау болды. 

    INFINITI_HISTORY_1987

    АТАУЫ ТАҢДАЛДЫ

    1987: БРЕНДТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

    Брендте атау пайда болды - INFINITI. Алға жылжуға тілекті оятатын атау. Оны іске асыру үшін дизайнерлер шексіздікке апарушы жолды бейнелеуші брендтің эмблемасын жасады. 

    INFINITI_HISTORY_1989

    ӘЛЕМ, INFINITI-МЕН ТАНЫС

    1989: БРЕНДТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

    INFINITI Америка Құрама Штаттарында 51 дилерлік орталықты ашады және нарыққа екі үлгіні шығарады: INFINITI Q45 толық көлемдік седаны мен INFINITI М30 спорттық купесі. Өзінің алғашқы «Артықшылықты қызмет көрсету бағдарламасының» арқасында» INFINITI тез танымал болды және клиенттік сервистің сапасы бойынша көшбасшыға айналды.     

    INFINITI_HISTORY_VQ_ENGINE

    INFINITI VQ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫН ҰСЫНАДЫ

    1995: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

    INFINITI-дің инженерлері V6 қозғалтқышының жаңа сериясын: VQсериясын жасады. Қуаттың, айналушы сәт пен отын шығынының оңтайлы теңгерімінің арқасында VQ қозғалтқыштары Ward's Auto журналының нұсқасы бойынша 14 жыл бойы ең үздік 10 қозғалтқыштың қатарында болып келді. VQ сериясындағы моторлар V6 битурбиналанған қозғалтқыштардың бастамашыларына айналды.

    V6 БИТУРБИНАЛАНҒАН ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ ЖӨНІНДЕ КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ
    INFINITI_HISTORY_1995

    INFINITI ИЕЛЕРІ КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ

    1999: БРЕНДТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

    Он жылдық өсуден кейін компания «Артықшылықты қызмет көрсету бағдарламасын» кеңейте отырып, «INFINITI автомобилдері иелерінің клубын» ашты.  INFINITI клубы арнайы шарттарға, ұсыныстар мен айрықша сервистерге қолжетімділікті білдіреді. Енді INFINITI иелері одан да көбірек артықшылықтарды, басымдықтарды және жайлылықты алады.


    ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СТАНДАРТТАР

    INFINITI_HISTORY_2001

    АЛДА НЕ БАР ЕКЕНДІГІН СЕЗІНУ

    2001: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    INFINITI жаңа қуатты инновацияны – интеллектуалды круиз-бақылау жүйесін жүзеге асырды. Сізге өзіңізді кез келген шарттарда жайлы сезінуге көмектесе отырып, жүйе қажет болған жағдайда тежей және қайта үдетумен алдағы кетіп бара жатқан автомобилге дейін қауіпсіз қашықтықта автоматты түрде қолдайды.

    INFINITI_HISTORY_2001

    АРТҚЫ ЖҮРІСПЕН ҚОЗҒАЛУ КЕЗІНДЕГІ СЕНІМДІЛІК

    2001: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    INFINITI алғаш рет Rearview Monitor артқы түрдің камерасын ұсынады. Енді артқы жүріспен қозғалу кезінде арттағы автомобилдің жағдайы жөніндегі ақпарат аспаптық панелдің түрлі-түсті дисплейіне шығарылады. 

    INFINITI_HISTORY_2002

    ДАУЫСТЫ ТАНУДЫҢ БІРІНШІ ЖҮЙЕСІ

    2002: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    2002 жылы мультимедиялық технологиялардың дамуында үлкен ілгерілеу орын алды. INFINITI-дің дауысты тану жүйесінің арқасында сіз автомобилдің теңшеулерімен қолды рөлден алмай-ақ басқара аласыз. 

    INFINITI_HISTORY_2003

    НАГРАДАЛАРМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ІЛГЕРІЛЕУ

    2003: БРЕНДТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

    INFINITI G35 спорттық седаны мен INFINITI G35 купесі Car and Driver американдық автомобилдік журналының рейтингісіндегі ең үздік ондықтың қатарына кірді. Қарашада INFINITI Америка Құрама Штаттарындағы премиум-кластағы ең тез өсуші брендке айналды. 


    АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

    INFINITI_HISTORY_2004

    БАҚЫЛАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІК

    2004: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    INFINITI FX ең алдымен қозғалыс жолағынан шығу жөнінде ескерту жүйесі – LDW пайда болды. Жүйе жүргізушіге оның шектерінен бақыланбайтын шығуға жол бермеумен таңдалған жолдың жолағында қалуына көмектеседі. LDW жүйесі – бұл INFINITI-дің қауіпсіздік технологияларының өсуші арсеналына инновациялық қосымша.

    INFINITI_HISTORY_2007

    КӨЛІКТІ ҚОЮ КЕЗІНДЕ КӨМЕК

    2007: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    INFINITI көлікті қою кезінде жаңа технологиялық көмекті ұсынады: әлемдегі бірінші алдыңғы және артқы көлікті қою датчиктерімен және нысандардың қозғалыс датчигімен айнала шолу мониторы. Енді көлікті қою кезінде сіз өз автомобиліңіздің виртуалдық шолуына 360°-қа қолжетімділікті ала аласыз. Автомобилді қоршаған ортаға қауіпсіз емес қашықтыққа жақындату кезінде жүйе жүргізушіні дыбыстық сигналмен ескертеді.  

    INFINITI_HISTORY_2007

    ҚОЛДАНУДАҒЫ БІРІНШІ ИННОВАЦИЯЛАР

    2007: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    LDW қозғалыс жолағынан шығу жөніндегі ескерту жүйесінің табысынан кейін LDP жолақтан шығуды болдырмау жүйесі әзірленді. Ескертуден басқа жүйе егер автомобиль бастапқы қалыпқа қайтып оралуды жеңілдету үшін тежеуді жұмсақ қолдана отырып көрші жолаққа жол белгісінің сызығына қатысты қозғалатын болса, қозғалыс траекториясын автоматты түрде тұрақтандыра алады. 

    INFINITI_HISTORY_2010

    КӨРІНБЕЙТІНДІ СЕЗІНІҢІЗ

    2010: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    Алдыңғы қатарлы қауіпсіздік технологияларын дамыта отырып, INFINITI әлемдегі бірінші нысанның соқыр аймақта болуын ескерту жөніндегі Blind Spot Intervention™ system ескерту жүйесін жасайды, ол датчиктердің көмегімен автомобилді соқыр аймақтарда тіркейді. Алдымен жүйе жарықтық және дыбыстық сигнал береді, сосын, егер ол қажет болса, тежеуді қолданады.

    INFINITI_HISTORY_2011_F1

    ФОРМУЛА 1-МЕН СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАСТАЛУЫ

    2011: АЛҒА БАСТАЙТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

    INFINITI-дің F1™ жарыстарына қатысу тарихы 2011 жылы Red Bull Racing командасымен серіктестік орнатудан басталды. Серіктестік біздің өнімділік саласындағы әзірлемелерді жетілдіруге және спорттық технологияларды сериялық автомобилдерде қолдануға бірегей мүмкіндік берді.  

    INFINITI_HISTORY_2012

    ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

    2012: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    INFINITI артқы жүріспен қозғалу кезінде кедергілерге соғылуды болдырмайтын әлемдегі алғашқы – BCI технологиясын ұсынады. Жүйе жүргізуші көлікті қою орнынан артқы жүріспен шығып келе жатқан кезде жүргізушіге жақындап келе жатқан автомобил немесе арттағы кедергілер жөнінде ескертеді. Егер қауіп болмай қалмайтын болса, жүйе сізді дыбыстық және визуалдық сигналмен ескертеді және тежеуішті іске қосады.  

    INFINITI_HISTORY_2014

    ИННОВАЦИЯЛЫҚ РӨЛДІК БАСҚАРУ

    2014: ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

    Тура бейімделме рөлдік басқару жүйесі Direct Adaptive Steering™ (DAS) – бұл автомобилді жаңа буындағы сандық технологиялардың көмегімен теңдессіз басқару деңгейімен қамтамасыз етуші әлемдегі ең бірінші технология. Жүйе рөлдегі қажетсіз дірілдерді басады, сонымен бірге рөлдік басқару теңшеулерінің көптеген нұсқаларын ұсынады. DAS технологиясы қазіргі таңда бірегей және осы бағыттағы болашақ әзірлемелер үшін мысал болып табылады.


    ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРДІ АША ОТЫРЫП

    INFINITI_HISTORY_2014

    АРМАНДАҒЫ ЖҰМЫС

    2014: ӘЛЕУЕТТІ АШУМЕН

    INFINITI барлық әлемдегі жас талантты инженерлерге INFINITI сериялық өнімдерінің және F1™ жарыстық өнімдерінің әзірлемелеріне қатыса отырып, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін ғаламдық білімдік жоба – INFINITI инженерлік академиясын іске қосады.

    INFINITI_HISTORY_2016

    F1™БІРГЕ ЭВОЛЮЦИЯ

    2016: ӘЛЕУЕТТІ АША ОТЫРЫП

    F1™ Red Bull Racing компаниясымен бес жылдық серіктесу тәжірибесіне негізделе отырып, INFINITI Renault Sport Formula One™ Team-мен серіктестік қатынастарға түсуде. Бүл қадам брендке біздің қоспалы жүйе Direct Response Hybrid® секілді әзірлемелерге сүйене отырып, қоршаған ортаға шығырылымдардың төмен деңгейімен технологиялар саласындағы жаңа нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.  

    КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ
    1. INFINITI ҚАЗАҚСТАН
    2. БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ
    • Рус.

    Toggle INFINITI ҚАЗАҚСТАН menu INFINITI ҚАЗАҚСТАН

    • БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ

    Toggle ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІ menu ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІ

    • ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАР
    • ҚАЛАЙ ДИЛЕР БОЛУҒА БОЛАДЫ

    Toggle ТАҢДАУ ЖАСАҢЫЗ menu ТАҢДАУ ЖАСАҢЫЗ

    • БРОШЮРАЛАРДЫ ЖҮКТЕП АЛУ

    Toggle INFINITI ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ menu INFINITI ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

    • facebook
    • vk
    • instagram
    • БАСПАСӨЗ
    • ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
    • Дербес деректерді өңдеу және қорғау
    • ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ
    • АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
    • COOKIE

    © INFINITI 2023