INFINITI Q50 и INFINITI QX60 «ЕҢ ҮЗДІК АМЕРИКАНДЫҚ САТЫП АЛУ 2019» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
INFINITI бірден екі үлгісі Vincentric талдаушы компаниясының «Ең үздік американдық сатып алу 2019» зерттеуі жеңімпаздарының қатарына кірді. Сыйлықақылы INFINITI Q50 спортседаны «Люкстік орташа көлемдік автомобилдер» сегментінде ең үздік болып танылды. INFINITI QX60 үш жыл қатарынан «Үлкен люкстік жол талғамайтын көліктер мен кроссоверлер» санатында жоғары награданы алып келеді.
INFINITI QX60
INFINITI Q50
Vincentric сарапшылары автомобилді иелену құнын сегіз маңызды параметрлер бойынша есептеді: құнының болжамды төмендеуі, салықтар, несиелік және сақтандыру төлемдері, отынға кететін шығын, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге шығындар, қосымша шығындар.
Vincentric статистикалық үлгілердің жасау әдісін қолдана отырып, Солтүстік Американың нарығында ұсынылушы пайдаланудағы ең тиімді автомобилдерді анықтайды. Зерттеулерде жеңіл автомобилдердің, жол талғамайтын көліктер мен кроссоверлердің 3000-нан аса түрлі жиынтықтылаулары қарастырылды.