INFINIT тән шынайы жаңаша стилдегі жаңа Qs Inspiration аналогтік тұжырымдардың сериялық үлгілерінің, сонымен бірге электрлендірілген автомобилдердің бүтіндей үлгілік қатарының пайда болуын алдын-ала білдіреді. Электромобилдер үшін арнайы жасалған икемді платформа INFINIT дизайнерлерін үйлесімдермен тәжірибе жасауға және үлгілерден толықтай құтылған бірегей ішкі көріністі құруға мүмкіндік бере отырып, үш көлемдік седандардың дәстүрлі құндылықтарына еркін назар аударумен қамтамасыз етеді. 

INFINITI Qs Inspiration

Жаңа Qs Inspiration – брендтің маңызды дизайнерлік тілін қалыптастырушы INFINIT жарқын концептуалдық үлгілер қатарындағы соңғысы. «Барлық біздің соңғы прототиптерді, Q Inspiration, Prototype 10, QX Inspiration қоса алғанда, және енді Qs Inspiration де, бір жалпы идеяға біріктіруге болады» - деп INFINITI атқарушы дизайн-директоры Карим Хабиб түсінік берді. – Әрқайсысы өздігінен электрлендірілген дәуірдегі INFINITI жарқын және серпінді эстетикасын дәлелдейді.

Бұл эстетикалық қағидалар INFINIT дизайнерлеріне назар аудартатын аввтомобилдерді жасауға мүмкіндік береді, қоршаған кеңістікті өзінің қатысуымен байытады, жинақылықтың жаңа мүмкіншіліктерін береді және бұл ретте ерекше ғажап көрінеді.  

INFINIT дизайнерлері осы қағидаларды  engaging (назар аудартушы), enriching (байытушы), enabling (мүмкіншіліктер беруші) және enchanting (өте әдемі) ағылшын сөздерінің бірінші буындары бойынша - «4EN тұжырымдамасы» деп атайды.