INFINITI QX60

Рэнди Паркер, INFINITI Americas вице-президенті, айтып өткендей: «Біз шабыттандыратын динамиканы, тәжірибелік интерьерді және көлік иелерінің барлығы үшін қауіпсіздіктің жоғарылатылған деңгейін бір өзінде үйлестіре алатын автомобильдер жасап шығарамыз. INFINITI QX60 отбасы мүшелерінің барлығы үшін де мінсіз дәл келеді. Біз U.S. News & World Report басылымы өзіміздің премиалдық отбасылық автокөлік жасап шығаруға деген ынта-жігерімізге жоға баға бергендігімен өте қатты қуанамыз».

Үстіміздегі жылы U.S. News сарапшылары нарықта ұсынылып отырған 200-ден астам жаңа жеңіл автокөліктерге, жол таңдамайтын көліктерге және минивэндерге талдау жасады. Әрбір автокөлік қауіпсіздіктің және сенімділіктің, салондағы әрі жүксалғыштағы кеңістіктің, кәсіпқой пікірлер бойынша бағаланды.

QX60
QX60
QX60

Жеті орынды INFINITI QX60 кроссовері белсенді қауіпсіздік құралдарының кең жинағымен ерекшеленеді әрі  бір бойында салтанат пен функционалдылықты үйлестіре алады. Екінші қатардың бірегей конструкциясы орындықтарды алып жатпастан үшінші қатарға кіріп отыруға қолжетімдікті қамтамасыз етеді, ал Theater Package опционалдық пакеті арттағы жолаушыларға арналған 8-дюймдік екі мониторды қамтиды. 2017 жылғы INFINITI QX60 орталық панельдегі сенсорлық экранның көмегімен навигацияны және басқа да мультимедиялық мүмкіншіліктерді біріктіре алатын INFINITI InTouchTM жүйесімен жарақталған болып отыр.