QX50

Жаңа QX50 іштен жанатын
қозғалтқыштардың құрылымындағы жетістікті білдіретін, сығу дәрежелерін
өзгертуші бірегей технологиясымен әлемдегі алғашқы сериялық моторды -    VC-Turbo қозғалтқышын ұсынады. 2-литрлік VC-Turbo
қуаттың және отын шығынының арасындағы теңгерімді оңтайландыра отырып, өзінің
сығу дәрежесін тұрақты өзгертіп отырады. Бұл бензиндік турмомотордың таң
қалдырарлық қуаттық сипаттамалары айналу сәтімен  және заманауи төрт цилиндрлік дизельдегідей
отын шығынымен үйлеседі.   

VC-Turbo

VC-TURBO. КЕРЕМЕТ ҮНЕМДІЛІК.

VC-Turbo қозғалтқышымен жабдықталған жаңа QX50 – керемет үнемділікті көрсетуші өз класындағы ең тиімді автомобиль. Алдыңғы жетекті нұсқасы өлшемдердің құрамдастырылған кезеңінде 100 км бар болғаны 8,7 л жұмсайды – бұл V6 қозғалтқышымен алдыңғы буын QX50 көрсеткіштерінен 35%-ға жақсырақ. Үлгінің толық жетекті нұсқасы 100 км/9,0 л орташа шығынымен алдындағысына қарағанда 30%-ға тиімдірек болады.  

VC-Turbo

VC-TURBO. ҚОСЫМША АРТЫҚШЫЛЫҚТАР.

Жаңа мотор құрылымының қосымша артықшылықтары – ыңғайлы өлшемдер және төмендетілген салмақ. Блок және цилиндрлердің бастиегі жеңіл алюминий қорытпасынан құйылған, ал сығу дәрежесін реттеу жүйесінің компоненттері жоғары көмiртектi болаттан жасалған. VQ сериясындағы INFINITI 3,5-литрлік қозғалтқышымен салыстырғанда 2-литрлік VC-Turbo 18 кг жеңілдеу, одан басқа оған мотор бөлігінде аздау орын талап етіледі.

VC-Turbo

Сығу дәрежелерін өзгерту жүйесінің арқасында үздік үйлестірілген VC-Turbo қозғалтқышы әдетте төрт цилиндрлік моторларға қажетті болатын теңгеруші біліктерді қажет етпейді. Қозғалтқыш әдеттегі қатарлық аналогтарға қарағанда бірсарындырақ жұмыс істейді, ал шу және діріл деңгейін дәстүрлі V6 көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Бұл сонымен бірге бұлғақтар піспектердің жұмыс жүрісі кезінде тік болатын (олар бір жақтан бір жаққа қозғалатын дәстүрлі қосиінді-бұлғақты механизмдерге қарағанда) қосымша күйентелермен құрастырылуының арқасында да мүмкін болды. Нәтижесінде  теңгеруші біліктерді қажет етпейтін мінсіз қайтымды - iлгерiлеме қозғалыс орын алады. Сондықтан, сығу дәрежелерін өзгерту жүйесін қолдануына қарамастан,  VC-Turbo моторы дәстүрлі 2-литрлік төрт цилиндрлік қозғалтқыш секілді жинақы болады.

VC-TUBRO

ДІРІЛДЕРДІ БЕЛСЕНДІ БАСУ ЖҮЙЕСІ

Active Torque Rod

Шуды одан да көп төмендету үшін  2-литрлік VC-Turbo  алғаш рет Active Torque Rod (ATR) деп аталатын дірілдерді белсенді басу жүйесі қолданылды. Жаңа QX50 – кластағы осындай технологиямен жабдықталған жалғыз автомобиль.  Шу мен дірілдердің үлкен бөлігі өтетін, қозғалтқыштың жоғарғы тіреуіне біріктірілген ATR жылдамдату датчигімен, бекіткіш ауытқулармен жабдықталған. Жүйе төрт цилиндрлік агрегатқа V6 моторлары секілді тыныш және бірқалыпты болып қала берулеріне мүмкіндік бере отырып, қайтымды – iлгерiлеме дірілдерді фазаға қарсы түрлендіреді және қозғалтқыштың шуын алдындағы QX50 салыстырғанда 9 Дб кемітеді. Нәтижесінде VC-Turbo – сыйлықақылы жол талғамайтын көліктердің сегментіндегі ең тыныш және теңгерілген қозғалтқыш болып табылады. 

INFINITI QX50
INFINITI QX50
INFINITI QX50