INFINITI Q80 INSPIRATION ТҰЖЫРЫМЫ: ПРОГРЕССИВТІК ПРЕМИАЛДЫЛЫҚ
Тұжырым-кар INFINITI Q80 Inspiration батыл пропорциялар прогрессивтік дизайны мен премиум-классты седан туралы әдетте қалыптасқан шекараларды кеңейте түседі. Назарыңды тартып тұратын экстерьер, Direct Response Hybrid жүйесі орнатылған қуаты 550кВт гибридтік қондырғысы, феноменалдық динамикасы болатын, алдыңғы шыны әйнекке проекцияланған ажырама дисплейлер және INFINITI Q80 Inspiration жүргізуші мен алдындағы жолаушы үшін жеке қосылып, INFINITI брендінің құндылықтарын асқан шеберлікпен іске асырады әрі асқақтата түседі.
INFINITI Q80 Inspiration седанының бес метрлік ұзындығы мен екі метрлік ені бола тұра, бар болғаны 1340 мм құрайды, сөйтіп, фастбэктің динамикалық және кербез контурларын байқатып тұрады. Айқарма есіктері ең озық техникалық шешімдер қолданыла отырып орындалған, автокөліктің кең де әсем интерьерін ашады. Арнаулы төрт былғары орындық жүргізушінің өзіне де, және жолаушыларға да толық жайлылықты қамтамасыз етеді, ал байыппен жиналатын панорамалық төбесі салонда жеңіл әрі бос атмосфераны туындатады. Автономдық жүргізудің инновациялық жүйесі автокөлікті басқарудың ыңғайлылығын жоғарылатады, ал гибридтік-электрлі трансмиссиялар жоғары өнімділікті әрі тиімді технологиясының арқасында 100 км-ге бар болғаны 5,5 л. отын жұмсап 550 а.к. бар қуатының болуы қамтамасыз етеді.