Жеңіл және ықшам көлемі 3,0 л. битурбиналық V6 қозғалтқышы – бұл компанияның тарихындағы ең технологиялық және заманауи V6: қолайлы, үнемді және қуатты.
Битурбиналық V6 негізі 194,8 кг тартады – алдындағыға қарағанда 14,1 кг кемдеу. Жаңа турбоайдағыш пен ішкі салқындатудың жақсарталған жүйесі 25,8 кг тартады, осылайша, күштік агрегаттың жалпы салмағы 220,6 кг құрайды.
Қуаттың, айналушы сәт пен отын шығынының оңтайлы теңгерімі INFINITI инженерлерінің ең жаңа әзірлемесі –көлемі 3,0 л VR жаңа буындағы битурбиналық V6 ерекшелейді. 405 а/к (ат күші). (6405 айн/мин кезінде) қуатымен нұсқасы 475 Н- м максималды айналушы сәтті 1600-ден 5200 айн/мин. дейінгі ауқымда дамытады.
Жаңа битурбиналық жүйенің артықшылығы отынның аздау шығынымен үйлесімділікте қуатты біркелкі және жедел беруі болып табылады. Турбинаның айналу жылдамдығының жаңа датчигі, сонымен бірге қалақшалардың жаңа дизайны оның жұмыс тиімділігін, сонымен қатар қозғалтқыш жауабының жылдамдығын арттырады.
Аталған жүйе жану камерасында отын мен ауаны беруді басқара отырып, жүргізушінің әрекеттерімен дәлірек әрекеттесуге мүмкіндік беретін жаңа электр моторынан тұрады. INFINITI-ден әбден жаңа 3,0 – литрлік V6 алдыңғы 3,7-литрлік V6 қарағанда 19%-ға кемдеу жұмыс көлеміне ие. Ол оның жол сапасын жаңа деңгейге көтеретін бірқатар инновациялық технологиялармен жабдықталған.
Жаңа битурбиналық мотордың тағы бір маңызды ерекшелігі – цилиндрдің бастиегіне кіріктірілген, шығару коллекторының жаңа интеграцияланған жүйесі. Ол инженерлерге пайдаланылған газдарды каталитикалық бейтараптандырғышты шығару коллекторына жақынырақ орнатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ыстық пайдаланылған газдардың қозғалыс жолы қысқарады, бұл бейтараптандырғышқа қозғалтқыштардың алдыңғы үлгілеріне қарағанда екі есе тездеу – лезде қызуына мүмкіндік береді.
Жаңа қозғалтқыш INFINITI Q50 жаңа спорттық седанында және INFINITI Q60 жаңа купесінде берілген.